Войти через

  • 16°C

Четверг, 25 апреля

Жас мамандар ардагер дәрігелерге алғыс білдірді

TINFO
TINFO
Служба новостей

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалында «Ардагерлердің ардақтайық» партиялық жобасы аясында медицина саласының ардагерлерімен онлайн жиын өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

“Әлемді жаулаған пандемия кезінде халық дәрігерлердің шынайы қамқорлығын сезінді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы дәстүрлі Жолдауын дәрігерлерге алғыс айтумен бастаған еді. Медицина сонша жерден заманауи жабдықтармен қамтылып, дами түскенмен, білікті маман болмайынша бұл саланың өрісі кең деп айта алмаймыз. «Науқасты жазатын ең үлкен ем – жақсы сөз» деген бар батыстың медицинасында. Бұл ретте адами қасиеттерді кейінгі буынға сіңіріп, тәлім-тәрбие беруде аға буын қалыс қалып жатқан жоқ. Олар әрдайым құрметке лайық. Әдетте дәрігерлерге «ақ халатты абзал жан» деген тіркес қолданылады. Абзалдық – жанның мейірбандығы, қызметке адалдығы мен адамгершілігі. Міне, осындай қасиеттер ел дәрігерлерінің бойынан табылады. Себебі, аға буын, ардагер дәрігерлеріміз соған тәрбиеп еді”, - деді Ескелді аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Сәуле Құсмолданова. 

Соңғы жылдарда медицина саласы білікті һәм білікті жас мамандарға толығуда. «Жиын барысында Қаратал ауданына қарасты Көпбірлік дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігері, жас маман Мақпал Сұлтан сөз сөйлеп, аға буынға алғысын білдірді.

“Арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда жүрсе, артқы дөңгелегі сонда бағыт алмақ» деген бар. Сала ардагерлерінен біліммен қатар, имандылықты, адамгершілікті, адамилықты үйрендік. Олар өмір тәжірибесінде алған мол білігін бізге үйретті. Бүгінде саланың майталманына айналған білікті жастар жетерлік. Сол жастар әр дайым медицина саласының ардагерлеріне алғысын білдіреді”, - деді ол. 

Жиын барысында аға буын мен жастар жан-жақты пікір алмасты. Сала ардагерлері жастарға сәттілік тілесе, жастар оларға алғысын білдірді.

Это может Вас заинтересовать