Войти через

  • 21°C

Среда, 24 апреля

Жас үміткер партияның келелі істерін сөз етті

TINFO
TINFO
Служба новостей
Қарымды да алымды жас Дамир Дигай бүгін Текелі қаласына ат басын бұрды. ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер азаматтың мұндағы мақсаты белді кәсіпкер, Текелі қаласының құрметті азаматы Ертай Дүйсебаевпен кездесу.
Тәуелсіздікке қол жеткізгелі елдің дамуы қарқынды. Ілгері отыздықтан орын алуға ұмтылған мемлекеттің өзінше өркендеу жолы бар. Еселі еңбек өз жемісін беруде. Әлем Қазақстанды Азияның барысы деп танитын уақыт та келді. Қалай дегенмен, уақыт талабы басқаша үндейді. Әлемді жайлаған пандемия, түрліше сипат алып жатқан геосаяси жағдай, ұлтаралық қақтығыстар, жер һәм территория үшін болып жатқан шайқастарда Қазақстанның жалғыз ғана миссиясы бар. Ол – бейбітшілікке үндеу. Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізген сәтте-ақ өз жолын саралап алған еді. Әуелі әлемді қырып-жою қаруынан бас тартты. Сонысымен өзгелерге үлгі болды. Міне осындай келелі әңгіме кездесуде сөз болды.
– Талай уақыттан бері халықтың жанынан табылып, олардың бар-жоғын түгендеумен келеді. Мысал келтіру үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Биыл ғана Мақтаралдағы ағайын аяқ-астын апатқа ұшырады. Тілсіз жаудың кесірінен үйсіз қалды талай отандасымыз. Міне, сол кезде партиямыз қапы қалмады. Сондағы ағайынды азық-түлікпен, қажетті жабдықпен қамтамасыз ету үшін көлік-керуенін жөнелтті. Одан бөлек, әлемді жайлаған пандемия кезінде аз қамтылған, көп балалы отбасыларға 50 мың теңгеден жәрдем берді. Бір емес, жеті мәрте. Міне, халық партияның осындай игілікті істерін біледі. Көпшілік «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге құлықты. Өйткені «Nur Otan» халықтық партия ғой, - деді Дамир Дигай.
Кездесу барысында ардагер Ертай Дүйсебаев партияның келелі шаруаларына разылығын білдіріп, үміткерге батасын берді. Сондай-ақ, алдағы саяси науқанда халықты қай жерде де белсенді болуға шақырып жүргенін және тұрғындардың оң таңдау жасайтынына сенетінін сөз етті.


«Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Это может Вас заинтересовать