Войти через

  • 24°C

Пятница, 19 апреля

ZHAS РROJECT: Алматы облысында балаларға арналған арт терапия жобасы іске асырылуда

TINFO
TINFO
Служба новостей

ZHAS РROJECT - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ тапсырысы бойынша жүзеге асырылып жатқан жастарға арналған бірегей бағдарлама. 2022 жылы ZHAS РROJECT пилоттық режимде Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау, Түркістан облыстарының аумағында жүзеге асырылуда, tinfo.kz хабарлайды

Алматы және Жетісу облыстарындағы ZHAS РROJECT Жобалық кеңсесінің жұмысын конкурстық негізде анықталған «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады.

Халыққа пайдалы жобасын ұсынып жеңіске жеткен Жігер Бекмухамедов бүгінде Алматы облысында балаларға саз балшықтан бұйымдар жасау өнерін үйретіп жүр.

«ZHAS РROJECT жобасы шеңберінде маған кәсіби және көшбасшылық дағдыларымды арттыруға, сондай-ақ жергілікті халыққа пайда әкелетін өз әлеуметтік жобамды іске асыруға мүмкіндік берді. Арманы асқақ жастардың бірі ретінде өз бағымды сынап, мен де өз жобамды жазып, ұсындым. Әлеуметтік жобаны іске асыру кезеңінде кәсіби ментор Бахтияр Жаксикельдиновпен кездесу өткізіп, бағыт бағдар алдым. Нәтижесінде 2 іріктеу кезеңінен өтіп, жоба жеңімпазы атандым»,- дейді ол.

Жоба тақырыбы - “Саз балшықтан бұйымдар жасау”. Жоба мақсаты - ата-ана қамқорлығысыз қалған, толық емес және көп балалы отбасы, мұмкіндігі шектеулі балаларға саз балшықтан бұйымдар дасауға үйрету мен арт терапия жасау.

Осы жоба аясында күні кеше Талғар қаласында орналасқан “Ковчег” балалар үйінің тәрбиеленушілеріне саз балшықтан бұйымдар жасау шеберлік сағаты мен практикалық сабақ өтті. Жоба өз мақсатына жетуі үшін жасалған қадамдардың бірі осы, ал алдағы 3 ай бойы жоба қарқынды іске асырылады.

Еске сала кетсек, ZHAS РROJECT жастардың осал топтарын қолдауға немесе жергілікті халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыруға жастарға конкурстық негізде 1 000 000 теңгеге дейін шағын гранттар беруді көздейді. Оған қоса жастарды өмірлік маңызы бар дағдыларды және жұмысқа орналасу дағдыларын дамыту бойынша оқыту мен жастардың осал топтарымен жұмыс істеуге бағытталған.

Это может Вас заинтересовать