Войти через

  • 24°C

Пятница, 19 апреля

Жасапмаз ел болуға ұмтылайық!

TINFO
TINFO
Служба новостей

Ардақты ағайын, қадірлі жетісулықтар, конституциялық реформаларға байланысты референдумда 5 маусым күні Сіздермен біздер өз учаскелерімізде дауыс беріп, ел келешегін айқындадық. Осыған орай, күні кеше ғана Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына үндеуін арнап, телеарналар арқылы көре алдық.

Маңызды тарауларға тоқталып өтсем, мемлекет Басшысы үш жүздің басын қосқан Ұлытауда ұлы құрылтай өткізу туралы бастама көтерді. Ұлттық құрылтай «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын іске асыруда билікпен халықтың ортасына дәнекер болатын маңызды инситут ретінде қалыптаспақ.

Үндеу тек қорытынды жасау ғана емес, елдің алдағы уақытта даму бағытына жол сілтемек. Жоспар ауқымды, ал оны іске асыру үшін жүйелі заң керек. Бұл ретте, конституциялық реформа – бүкіл құқықтық саланы жаңғыртуға, жол ашуға өз септігін тигізеді.

Сонымен қатар, президентіміз қазақстандықтарға кешегі референдум ел тарихындағы маңызды белес екендігін атап өтіп, дауыс беруге белсенді қатысу арқылы азаматтар елде шынайы өзгерістерді бастауға дайын және жауапкершілікті сезінетіндігін жеткізді. Расымен, әрбір қазақстандық осындай маңызды саяси науқанда өзінің азаматтық парызын орындауы – ол үлкен жауапкершілік деп есептеймін және осы арқылы біз жаңа Қазақстанның кірпішін қалауда әрқайсымыз белсенділік танытуымыз қажет.

Жалпы, өңірдің барлық деңгейдегі 300-ден аса мәслихат депутаттары үгіт-насихат кезеңдерінде қоғамдық штаб мүшелігінде болып, үлкен қалалардан шалғай ауылдағы тұрғынға дейін Конституциялық реформалардың маңыздылығы, өзгеріс енетін баптармен тараулар жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өз үлестерін қосты. Бұл бағытта белсенділік танытқан облысымыздың халық қалаулыларына шынайы алғысымды білдіремін.

Өткеннен сабақ алып, алдағы уақытта ел игілігі үшін маңызды жоспарларды іске асыру жолында әрқайсымыз белсенділігімізді танытайық, жасапмаз ел болуға ұмтылайық!

Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Даулет Жарасбаев.

Это может Вас заинтересовать