Жастарға жол ашық - Ермек Келемсейіт

TINFO
Служба новостей

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткендей, «Біздің еліміз осы заман талаптарына сай болуы тиіс», ал жастарымыз – жаһандану заманында еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы болмақ.

Тұңғыш Президент Жарлығымен 2019 жыл - Жастар жылы деп жарияланды. Жастарға барлық салаларда көмектесу және қолдау саясаты жалғасып келеді.​ Осының негізінде, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасымен Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру негізі қойылған.

«Президенттік жастар кадр резервін» құрудағы басты мақсаты жастар үшін тиімді әрі ашық әлеуметтік лифт құру екендігін атап өткім келеді.

Нақты бір салада өзіндік жетістіктері бар жас қазақстандықтарда іріктеуден өтіп, резервке алыну, жоғары мемлекеттік және басқарушы лауазымдарға тағайындалу мүмкіндігі пайда болды.

Президенттік жастар резервіне өткендер саяси және жоғары әкімшілік лауазымдарға, ұлттық холдингтар мен компаниялардың жоғары басқарушы лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндік алады.

Бұл азаматтарға зор үміт артылады және олар алдағы реформалардың қозғаушы күші болуы қажет. Соның ішінде өзекті болып табылатын әлеуметтік-экономикалық даму, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төтеп беру мен алдын алу, халықтың тұрмыс-тіршілігінің артуы сынды маңызды мәселелердің оңтайлы шешімін табуыға еңбек етеді деген сенімдемін. Халқына адал қызмет етуге дайын, дарынды әрі білімді және тәжірибелі жастарды қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі күні резевке іріктеу жалғасуда, үміткерлер әліде бірнеше кезеңдерінен өтулері қажет.

Облысымыздың ​ Президенттік жастар кадр резервіне атсалысып қатысып отырған азаматтарына осы іріктеуден сәтті өтіп, ел игілігіне адал қызмет етуіне тілектеспін!

Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Әбілмажынұлы Келемсейіт

Это может Вас заинтересовать