Войти через

  • 15°C

Вторник, 19 марта

Жастар орталығында «Жетісу - адалдық алаңының» кеңсесі ашылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облыстық Жастар орталығында «Жетісу - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Ашылу салтанатына Алматы облысы әкімінің орынбасары, «Жетісу - адалдық алаңы» жобалық кеңсе кураторы Батыржан Байжұманов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облыстық департаментінің басшысы Данияр Тұрғанбаев, мемлекеттік қызметкерлер мен жастар қатысты.

Осыған дейін барлық аудан орталықтары мен ауылдық округтерінде жобалық кеңсе ашылып, жауапты маман бекітілген.

«Жетісу - адалдық алаңы» жобалық кеңсе ашудағы басты мақсатымыз, азаматтарымызға қолайлы жағдай туғызу және жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуде», - деп атап өтті департамент басшысы Данияр Тұрғанбаев.

Фото: «Жетісу - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі.

Это может Вас заинтересовать