Войти через

  • 17°C

Четверг, 25 апреля

Жастар жайы назардан тыс қалмайды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Жұмыссыздықпен күресу үшін елімізде түрлі мемлекеттік бағдарламалар қолға алынуда. Жастар тартынбай сол бағдарламалардан өз үлесін алуы тиіс, сол бағдарламалар арқылы түйінді мәселелерін шешуі керек. Міне, осындай тақырыптарды облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ким Герман желі қолданушылармен жүздесуде сөз етті.

- Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы проблеманы жою үшін елімізде «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», т.б. бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарламалар арқылы жастардың белсенділігін арттыру ғана көзделмеген, олардың қоғам дамуына сүбелі үлес қосуына сеп болу айқындалған. . «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасында жастардың жайын қалы қалдырмаған. Өйткені партия ел келешегі білімді жастардың қолында болуы керегін назарына алған, - деді үміткер.

 

Желі қолданушылары үміткерге түрлі бағытта сұрақ қойды. Солардың қатарында студенттерді жатақханамен қамту жайы. үміткер сайлауалды бағдарламаға сай алдағы бес жылдықта өңірдің 8 колледжіне 1968 орындық студенттік жатақханалар салынатынын сөз етті.

 

«Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Это может Вас заинтересовать