Войти через

  • 10°C

Вторник, 04 октября

Жастарды қолдау – келешекті ойлау!

TINFO
TINFO
Служба новостей

Жастар ел ертеңі жеп жатамыз және оларға қажетті жағдай жасау маңызды қадамдардың бірі. Осы орайда, мемлекет Басшысы Қ..Тоқаев 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында өскелең ұрпаққа арналған қолдаулар жайлы атап өтті, tinfo.kz хабарлайды

Президент айтқандай, жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі болып қала бермек, бұл дұрыс бағыт. Осы орайда еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беру қажеттілігі туралы бастамасы өте орынды деп санаймын. 

 

Расымен дипломды алып, ертеңгі күнге қадам басу үшін тұрақты жұмысқа орналасу өте қажет. Онсыз жастың болашағы бұлыңғыр болары анық.

Сонымен қатар президент жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетілетін жұмыстардың жалғаса беретінін атап өтіп, оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие берілетіндігін жеткізді және бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал ететін жеткізді.

Мемлекеттік жарқын болашағын қамтамасыз ету үшін, бүгіннен бастап сол болашаққа кепіл болатын жастарға түрлі әлеуметтік лифтер, қолдаулар көрсету – ол мемлекеттің ұстанатын басты қағидаларының бірі болуы қажет деп ойлаймын. Ал біз жас буын, беріліп отырған мүмкіндіктермен қолдауды тиімді іске асырып, жаңа Қазақстанның дамуы жолында аянбай еңбек ете беруіміз керек!

Досан Каримов – Жетісу облыстық мәслихат депутаты

Это может Вас заинтересовать