Войти через

  • 23°C

Суббота, 20 апреля

Жастарды қолдау тоқтамақ емес

TINFO
TINFO
Служба новостей
Кез келген мемлекеттің ертеңгі болашағын жүргізуші ол әрине - бүгінгі жастар. Жастар жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Біздің өңірде жетісулық белсенді жастардың қатары да аз емес. Олар барлық салада еңбек етіп, ел ертеңі жолында нәтижеге жетуде деп сеніммен айтса болады. Солардың қатарында белсенді бір топ жас қатарымен «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жанболат Жөргенбаев және Гүлнәр Тойлыбаева кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасы жайында үгіт-насихаттық жұмыстарын жүргізді.

Үміткерлер қатысушыларға партияның алға қойған 5 жылдағы бағдарламасында жастарға да ерекше назар қойып отыр, мысалға облыстың 8 колледжіне 1968 орындық студенттік жатақханалар салу, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша жыл сайын 2 мың жасты және «Бастау бизнес» жобасы бойынша 1,5 мың жасты оқыту көзделген.

Барлық шаралар жастар жұмыссыздық деңгейін 3%-тен 2,5%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

«Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан  төленді.

Это может Вас заинтересовать