Войти через

  • 12°C

Пятница, 29 марта

Жастармен болған кездесу

TINFO
TINFO
Служба новостей
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер кандидат А.Әбсеметова, Қарасай аудандық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Б.Сүнбеков, А.Балажанова жастармен кездесу өткізді. Кездесуге аудандық сайлауалды штабы мүшелері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында “Nur Otan” партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер еліміздегі атқарылып жатқан ауқымды шаралардың жүзеге асырылуы, ондағы «Nur Otan» партиясының қай сала болмасын ықпал етіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін атқарып отырған жұмыстары жайлы тоқталды.
- Тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміті – жастар. Оларға сенім арту – барлық қоғамға тән құбылыс. Қоғам дамуының алғы шарты – адам факторы, адамның білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты, қазіргі жастардың білім алуына, таланты мен дарынына орай мінберлерге келуіне мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-шаралар, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Жастар –қоғамның жемісті дамуының кепілі. Сондықтан партия жастарды жан-жақты қолдап келеді, - деді Ә. Әбсеметова
Үміткер жастардың патриоттық тәрбиесіне, бос уақытын ұйымдастыруға, рухани-адамгершілік, азаматтық-құқықтық және дене шынықтыру деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізуді жалғастырып келе жатқан 21 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейтінін сөз етті. Сол орталықтардың күшімен жастардың мәселесін шешуді көздеп отырмыз. Нақты айтқанда, жыл сайын 2 мың жасты «Жасыл ел» арқылы мезгілдік жұмысқа тартылады. Сондай-ақ, 3,5 мың жасты кәсіпкерлік оқудан өткізіп, олардың кәсіп ашуына, сол арқылы өз болашақтарын қалыптастыруына жағдай жасалмақ. Студент жастарды жүйелі біліммен қамту үшін олардың жатын орны маңызды рөл ойнайды. Алдағы бес жылдықта өңірдің 8 колледжіне 1968 орындық студенттік жатақханалар салынбады
Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен насихатталды. Белсенділердің көмегімен сайлаушыларға арнайы үгіт материалдары таратылды.

  «Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді. 


Это может Вас заинтересовать