Войти через

  • 12°C

Пятница, 29 марта

«Жасыл ел» бойынша Алматы облысында 2 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Бұл туралы Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілдері баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды TINFO.KZ.

«Жасыл ел» бағдарламасы 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Биыл бағдарлама аясында 2 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды.

«2013-2017 жылдар арасында 4 мәрте қатарынан «Үздік штаб» номинациясына ие болса, 2016 жылы «Үздік жасақ» және «Үздік жоба» номинацияларымен қатар 2018 жылы қаһарман «Жасыл ел» номинациясына қол жеткіздік. Осы жастар жылы аясында Павлодар қаласында өткен Республикалық «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XV маусымдық жабылу салтанатында Алматы облысы топ бастап, «JYL SERPINI», «UZDIK JASAK», «UZDIK #TrashtagKZ» және «UZDIK SARBAZ» номинацияларын иеленді», - дейді Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Қаратас.

Осы жылы жасақшылармен облыста жалпы 130 іс-шара ұйымдастырылған.

Фото: Jetisy Media

Это может Вас заинтересовать