Жерлеуге арналған бір реттік төлемге өтінішті қалай береді
«Жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау» қызметін онлайн қалай рәсімдеуге болады?
Ол үшін:
- kz порталына кіріңіз
- «Жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау» қызметін табыңыз
- Қызметті онлайн сұратыңыз
- Қайтыс болған кісінің ЖСН енгізіңіз
- Ақпаратты тексеру қажет
- Сұранымды жіберіңіз
- Екінші қадамда ЭЦҚ арқылы сұранымға қол қою қажет
Аталмыш қызметке өтінімді ХҚО-дан да беруге болады. Ол үшін келесі құжаттар қажет:
- Жерлеуді жүзеге асыратын адамның жеке басын куәландыратын құжат
- Заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе кәсіпкердің патенті
- Қайтыс болу фактісін растайтын құжат
Құжат туралы ақпаратты жеке кабинетіңіздегі қызметтерді алу тарихынан көре аласыз. Қызмет үш жұмыс күні ішінде дайын болады.
