Войти через

  • 10°C

Четверг, 25 апреля

«Жетісу» телеарнасы директорының орынбасары тағайындалды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Данияр Сейсенбаев Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасы директорының орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Tinfo.kz. Ол осыған дейін «Талдықорған» газетінің бас редакторы болып қызмет атқарды.

Данияр Сейсенбаев 1985 жылы туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетін бітірген.

2008 жылы «Жетісу» телеарнасындағы «Шашу» және «Биле-биле» бағдарламаларының продюсері, кейін телеарнаның Жаңалықтар бөлімінің тілшісі, шеф редакторы болды. «Қазақстан» ҰТА Алматы облысындағы меншікті тілшісі, Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды.

2017 жылдан бастап осы күнге дейін «Талдықорған» қалалық газетінің бас редакторы болып еңбек етті.

Айта кетейік, маусым айының басында «Жетісу» телеарнасының жаңа директоры болып Серік Сарыбай тағайындалды.

Фото: ашық дереккөздер

Это может Вас заинтересовать