Войти через

  • 12°C

Четверг, 25 апреля

«Жетісу» телеарнасының директоры тағайындалды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының директоры болып Серік Сарыбай тағайындалды. Ол осыған дейін телеарна директорының бірінші орынбасары болды, деп хабарлайды Tinfo.kz

Арна ұжымына жаңа басшыны облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов таныстырды. Серік Әбікенұлына бұған дейін телеарна басшысы болған Бейсен Құранбектің бастамаларын абыроймен жалғастыратынына зор сенім білдірілді.

Серік Әбікенұлы Сарыбай 1972 жылы туған. Еңбек жолын 1998 жылы «Телефабрика» серіктестігінде бастап, «Анау-мынау», «Айтпақшы» бағдарламаларын шығаруға атсалысқан. 2000-2003 жылдар аралығында «Оңтүстік астана» телеарнасында бас редакторлық қызметте жүріп, «Сойыл» атты тұңғыш тележобасын жарыққа шығарды.

«НТК», «31 арна» телекомпанияларында бас редактор, директордың орынбасары қызметтерін атқарған.

«31 арнаның» «Информбюро» жаңалықтар қызметінде 6 жыл жетекшілік етіп, осы арнада  «Тарих безбені», «Тұжырым», «… кім?», «Ел сойылы» сынды жобаларды әзірледі.

2014 жылдан осы күнге дейін "Жетісу" телеарнасы директорының бірінші орынбасары болды.

Фото: «Жетісу» телеарнасы

Это может Вас заинтересовать