Войти через

  • 13°C

Пятница, 29 марта

Жетісулық оқырмандарға Абайға арналған жаңа кітаптар жол тартты

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай басылып шыққан жаңа кітаптар таныстырылды. "Кітапханаға кітап сыйла" акциясы аясында облыстық кітапханаға бірқатар туындылар табыс етілді, деп хабарлайды Tinfo.kz

Жақында белгілі абайтанушы, философ Досым Омаровтың “Абай мұрасын қолдану жолдары” атты кітабы оқырмандарға ұсынылды. Кітапта Абай ілімі аясында адамзат өркениетінің құлдырауы, Кеңес Одағының ыдырау себептері, бүгінгі өтпелі кезеңнен шығу жолдары көрсетіледі. Абайдың "толық адам" ілімі талқыланып, қазақтың ұлттық идеясы ұсынылады.

Сонымен бірге облыстық кітапхана қорына Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Роллан Сейсенбаев құрастырған 10 томнан тұратын "Қара сөздер" кітабы табысталды.Бүгінге дейін қазақ, орыс тілінде оқырманға етене танылған кітап енді ағылшын, неміс, француз тілідеріне аударылды.

Тамыз айында жетісулық оқырмандарға  "Адамзаттың Абайы" атты жыр жинағы жол тартты. Кітапқа Алматы облысындағы жазба ақындардың 100-ге тарта өлең-жырлары топтастырылған. Кітапқа белгілі ақындар Нүсіпбай Әбдірахым, Сағыныш Намазшамова, Әсел Оспан, Асыл Сұлтанғазы және т.б. шығармалары енді.

Это может Вас заинтересовать