Войти через

  • 17°C

Четверг, 25 апреля

Жетісулықтар Елбасыға жылы лебіздерін жеткізді

TINFO
TINFO
Служба новостей

«Кайнар-АКБ»ЖШС-нің ұжымы Нұрсұлтан Әбішұлына жылы лебіздерін жеткізді.

Тілек білдіруші ұжымның қатарында «Кайнар-АКБ»ЖШС-нің бақылау кеңесінің төрағасы Ажмағанбетов Қуаныш Мәдиұлыда бар.

Ол өз кезегінде «Жер әлемге сынақ келді десек артық айтқандық емес шығар. Дерт бір мезетте бірнеше адамды құрығына байлады. Олар біреудің баласы, бірінің бауыры, енді біреуі отбасының тірегі.

Ел арасында осылай қамығып жүргенде бүгін Тұңғыш Президет коронавирус инфекциясын жұқтырды деген хабар тарады. Қиын әрине. Бірақ біз Нұрсұлтан Назарбаевтың ерік-жігеріне, қажыр-қайратының мықтылығына сенеміз. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, сіздің тез сауығып кетуіңізге шын жүректен тілектеспіз. Жетісулықтар сізбен бірге!»,-деп ізгі ниетін білдірді.

 

Это может Вас заинтересовать