Войти через

  • 25°C

Воскресенье, 14 июля

Жетісу облысының мемлекеттік қызметшілері үшін «CREATIVE DAY» аясында әлеуметтік желілерде жұмыс істеу,Бақ-на сұхбат беру, шешендік өнер дағдыларын дамыту бойынша тренинг ұйымдастырылды

TINFO
Служба новостей
Ағымдағы жылдың 22 желтоқсан күні Талдықорған қаласы, Жастарға қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Жетісу облысының әкімдігімен бірлесе отырып мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік желілерде жұмыс істеу, БАҚ-та сұхбат беру, халықтың сұраныстарына жедел жауап беру дағдыларын дамыту бойынша «Creative day» аясында ауқымды тренинг ұйымдастырды, tinfo.kz хабарлайды
 
Тренингтің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын өңірлерде тиімді іске асыру, жергілікті халықтың сұраныстарына дер кезінде жауап қайтаруды, сондай-ақ, қоғам белсенділерімен, БАҚ өкілдерімен тиімді байланыс орнатуды дамыту болып табылады. 
 
Шараның спикерлері ретінде журналист, продюсер,тележүргізіші, PR-менеджер, шешендік шеберлік бойынша оқытушы Ғазиза Райымбек және сарапшы, TikTok блогері Карина Юнусова болды.
 
Қатысушылар сұхбат берудің, көпшілік алдында еркін сөйлеудің сондай-ақ әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеудің тиімді тәсілдерімен танысты.
 
Іс шараға жергілікті атқарушы органдарының 60-қа жуық мемлекеттік қызметшісі қатысты. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілер қызығушылық танытқан сұрақтарға спикерлер жауап беріп, БАҚ және медиа саласының қызметкерлерімен жұмыс барысында нақты, сараптамалық, қажетті ақпаратты жеткізу жөнінде кеңестер берді.
 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті

Это может Вас заинтересовать