Войти через

  • 3°C

Вторник, 19 марта

Жетісу және Алматы облысының тұрғындары 1 225 200 теңгеге қайтарымсыз грант ала алады

TINFO
TINFO
Служба новостей

2022 жылдың 8 тамызынан бастап Business.enbek.kz порталында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыру үшін 400 АЕК (1 225 200 теңге) көлеміндегі мемлекеттік гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады. Бұл туралы 3 тамыз күні Талдықорған қаласында «Ten qogam» қолдау орталығында Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімінің бас маманы Абжалиева Акмеир Тілекызы аталған мемлекеттік грант жайлы мағлұмат беріп, сұрақтарына жауап берді, tinfo.kz хабарлайды

Грант туралы тоқталып өтсек, мемлекеттік грант – нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамыту болып табылатын өтеусіз берілген бастапқы капитал.

Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Гранттар қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

* Өтінім беру үшін қажет:

* порталда тіркелу;

* грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту;

* бизнес-жоспар үлгісін жүктеу, оны толтыру және порталға жүктеу;

* өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.

Грант алу үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет. Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға мемлекеттік грант алуға үміткерлер келесі азаматтар болуы мүмкін:

1) тіркелген жұмыссыздар;

2)жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін);

3) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер.

Бұл ретте үміткер мынадай әлеуметтік санаттардың біріне жатады:

1) мүгедек адамдар;

2) "кандас"деген қолданыстағы мәртебесі бар адамдар;

3) өңіраралық қоныс аударушылар болып бөлінеді;

4) аз қамтылған отбасы мүшелері;

5) көп балалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы);

6) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);

7) асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар;

Это может Вас заинтересовать