Войти через

  • 15°C

Вторник, 23 апреля

Жетісуда жүйелі даму байқалады

TINFO
TINFO
Служба новостей
Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Алия Ақжолтайқызы әлеуметтік желіде өңір тұрғындарымен жүздесті. «Үміткерге сауал жолда» шарасы негізінде өткен онлайн кездесуде үміткер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндіріп, алдағы уақытта атқарылар етжеңді жұмыстарды таныстырды.
Алдағы бес жылда өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 59 жоба іске аспақ. Мәселен, жылына 27 мың бас ірі қараны бордақылайтын 30 алаң салынбақ. Нәтижесінде 162 жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, 8,7 мың басқа арналған 22 сүт-тауар фермасы іске қосылады. Ұйғыр ауданында 300 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндігі бар құс фабрикасы салынады. Үміткер өңірдегі осындай келелі ақпараттармен бөлісті.
- Партияның сайлауалды бағдарламасында өңір тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы орта түзу басты назарға алынған. Осы бағытта келелі жоспарларымыз бар. Мәселен, қолайлы аймақ түзу үшін ондағы қауіпсіздікті де қамтамасыз етуіміз тиіс. Ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы қолайлы орта түземіз. Сол бағытта өңірде 890 га жеміс бағы тұрғызылады. Сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жылыжайлардың да рөлі басым. Қыс бойы көгөністі өзге өңірлерден, шетелден тасуға мәжбүр болмас үшін 34 гектар жер көлемін алатын 2 жылыжай салынады. Одан өзге жеміс-көгөніс сақтайтын заманауи қоймалар да салынады, - деді Алия Ақжолтайқызы.
Осындай келелі жұмыстар нәтижесінде 2025 жылға қарай 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Ал еңбек өнімділігін 2,5 есеге, яңни 6 млн. теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік бар.
Желі қолданушылар үміткерге түрлі бағытта сауал жолдады. Бір тұрғынды өңірдегі жол қатынастары алаңдатса, енді бірін жайылымдық жердің тарылу жайы мазалайды екен. Алия Ақжолтайқызы желі қолданушылардың сауалдарына сайлауалды бағдарламаны негізге алып жауап берді.

«Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.




Это может Вас заинтересовать