Войти через

  • 14°C

Вторник, 19 марта

Жетісулық полицей халықаралық сайыстан жүлдемен оралды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысы Ескелді ауданы полициясының криминалисі, полиция лейтенанты Әнел Сейтмұрат қоянқолтық ұрысынан V халықаралық «Елбасы кубогында» қола медаль иеленді, деп хабарлайды TINFO.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

27-30 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Тұңғыш президент Н. Назарбаевтың жүлдесі үшін қоянқолтық ұрысынан V халықаралық «Елбасы кубогы» өткен болатын.  

Аталған жарысқа алыс-жақын 8 мемлекеттен және еліміздің барлық аумағынан 450 жуық спортшы қатысқан. Оның ішінде қоянқолтық ұрысынан әлем чемпиондары, Азия және Еуропа чемпионаттарының жеңімпаздары болған.

«70 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеттім. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Қарсыластарым өте жақсы дайындықпен келгенін көрсетті. Былтыр осы жарыста алтыннан алқа тағып едім, биыл қоланы қанағат тұттым. Өз кемшіліктерімді білемін, келесі халықаралық және әлемдік ареналарда еліміздің көк байрағын желбіретемін деп сенемін»,- спортты серік еткен тәртіп сақшысы.

Сейтмұрат Әнел биыл қаңтарда Санкт-Петербург қаласында қоянқолтық ұрысынан өткен әлем чемпионатында да қола жүлдегер атанған еді. Қазірдің өзінде ол қоянқолтық ұрысынан спорт шебері болса, бокстан спорт шеберіне үміткер атанған.

Это может Вас заинтересовать