Войти через

  • 13°C

Пятница, 29 марта

Жетісулық депутаттар көмек көрсетуді жалғастыруда

TINFO
TINFO
Служба новостей

«Қазақстан Республикасы аумағында соңғы уақытта болып жатқан жағдайларға байланысты, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар және басқа да санаттағы азаматтарға, сонымен қатар блок бекетте орналасқан сарбаздарға Алматы облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары өз көмектерін көрсетуде», - деп хабарлайды Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, облыстық мәслихат депутаты Жанна Жазықпаева бастамасымен Қарасай ауданында 116 әскери қызметкерге ыстық тамақ әзірленді. Ал аудандық депутат Бекжан Сүнбеков ыстық аспен қатар, дәрумендер және басқа да қажетті заттармен қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаты Бағдәулет Үстенов, Қапшағай қалалық мәслихаттың хатшысы Сәуле Нұрсолтанова және депутаттар Ерлан Қашағанов пен Ержан Бүркітбай қала ішінде, ал депутат Александр Ефименко Заречный ауылдық округіндегі аз қамтылған отбасыларға азық-түлік тарату жөніндегі қайырымдылық акциясына қатысып, өздерінің қол ұшын созды.

Осы бағытта Талдықорған қалалық мәслихат депутаты Аманжол Жазықбаев және әріптес депутаттардың бастамасымен төтенше жағдайда қойылған шектеулерге байланысты үйлерінен шыға алмай отырған ерешке күтімді қажет ететін азаматтарға азық түлік себеттерін таратты.

Азық-түлік көмектерімен қатар, облыстық мәслихат депутаттары С.Ақсубаев, З.Кузиев бастамасымен ереуіл кезінде зардап шеккен құқық қорғау органдарының 20 қызметкеріне «Жаркент Арасан» емдік-сауықтыру санаториясына тегін жолдама берілді.

Елдегі төтенше жағдай кезеңінде өңірдің халық қалаулылары өз көмектерін көрсетіп, аталған игі бастамалары алдағы уақытта жалғасын таппақ. Назарларыңызға сала кетсек, Жетісулық депутаттар 2021 жылы 140 миллион теңгеге жуық қаржыға бес мыңнан астам адамға көмек көрсеткен. Жергілікті депутаттар ең әуелі  көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созған. Халық қалаулыларының бастамасымен 16 отбасы пәтер кілтін алса, тағы 50 тұрғынның баспанасын жөндеуге мұрындық болды.

Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Это может Вас заинтересовать