Войти через

  • 10°C

Суббота, 20 апреля

Жетісулық мүгедектер қоғамы Жолдауға қолдау білдірді

TINFO
TINFO
Служба новостей

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 1 қыркүйек күнгі Қазақстан халқына жариялаған Жолдауын насихаттау, тармақтарын түсіндіру, ақпараттандыру мақсатында 2 қыркүйек күні «Тең қоғам» қолдау орталығында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, tinfo.kz хабарлайды.

Шараға спикерлер облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Ерғазы Қошанбеков, Жетісу облысының Бас имамы Алмас Данағұлов, Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығының директоры, облыстық мәслихат депутаты Жанар Нұрмұханова, қалалық мәслихат депутаты Гүлниса Тұлымшақова, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, политехникалық колледж ұстаздары, қала белсенділерімен тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты.

Шараға қатысқан спикерлер мемлекет Басшысының 1 қыркүйек күнгі Жолдауында айтылған тапсырмаларға тоқталып өтіп, тармақтарын егжей-тегжей түсіндіріп, негізгі мазмұны жайлы тереңірек ақпараттандырып, қойылған сұрақтарға жауап берді. 

Шара жалғасы қаламыздағы грек-рим және еркін күрестен мүгедектігі бар спортшы балаларға облыстық мешіт тарапынан демеушілігімен спорттық сайысқа қажетті киім-кешектер табысталды. Спортшылар 3 қыркүйек күні Шымкент қаласына республикалық спартакиядаға аттанады. 

Жиын соңында спортшылардың бапкері өткізілген шараға алғыстарын білдіріп, көрсетілген көмектеріне ризашылықтарын білдірді.

Это может Вас заинтересовать