Войти через

  • 23°C

Суббота, 20 апреля

«Жетісулықтардың жеңіс жолы» кітабы шықты

TINFO
TINFO
Служба новостей

Б. Римова атындағы драма театрында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Жетусылықтардың женіс жолы» атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Шара барысында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы МарленКөлбаев сөз сойлеп, сахна төріне Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келімсейітті, Алматы облыстық мәслихат хатшысының м.а. Серік Мұқановты және Алматы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Серікжан Бекмұратов мырзаны сахна төріне шақырып, кітаптың тұсаукесер рәсімін өткізді.

Жетісулықтардың ерлігі баян етілген кітап 3 бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлім: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Халық Комиссарлары Кеңесінің Алматы облыстық және аудандық еңбекшілер депутаттары комитетінің шығарған шешімдері мен қаулыларынан тұратын құжаттар мен майдангерлердің өз қолымен жазылған хаттары.

Екінші бөлім: Ұлы Отан соғысына Жетісу өлкесінің және Қазақстанның басқа да аймақтарынан аттанып, майдан даласында ерлікпен қаза тапқан және соғыста із-түссіз жоғалған боздақтар тізімі

Үшінші бөлім: Алматы облысының мемлекеттік архив сақтауындағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шайқас аландарынан түсірілген жауынгерлердің суреттері мен соғыс ардагерлерінің фотоқұжаттар топтамасы

«Жетісулықтардың жеңіс жолы» атты  жинақ 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жыл толуына орай, Алматы облысының мемлекеттік архив сақтауындағы архивтік құжаттар негізінде басылып шығарылған.

Это может Вас заинтересовать