Войти через

  • 10°C

Пятница, 29 марта

Жол құрылысының сапасы бақылануда

TINFO
TINFO
Служба новостей

Жол құрылысының өзіне тән қыры мен сыры да мол-ақ. Ол жағын бірі білсе, екіншіміздің түсіне бермейтініміз де анық. Нақтылай түссек, жол құрылысы жұмыстары үшке бөлінеді. Олар –  орташа, күрделі және қайта жаңғырту деп аталады. Мысалы, орташа жөндеуде жолдың үстіңгі қабаты қырылып алынады да оның үстіне жаңадан екі қабат асфальт төселінеді. Оның сапалы болуы төмінгі қабатта жатқан ұсақ тастардың беріктігіне қатысты. Ал, күрделі жөндеуде жолдың астыңғы қабаты толығымен қайта салынады. Яғни құрылыстың талапқа сай технологиясы сақталса, оның сапасы 10-15 жылға жетуі тиіс.

Қазіргі уақытта жол сапасына бақылау жүргізетін «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалының жұмыстары өте қауырт. Мекеме мамандары ай ішінде ауа-райына қолайсыздығына қарамастан жол құрылысы жүріп жатқан обьектілерге 170-тен астам бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізіп, зертханада сараптап үлгерген.

Атап айтқанда олардың ішіндегі ең көп тексерілген жолдар: «Алматы – Шелек – Хорғос», «Алматы – Өскемен», «Үшарал –Достық», «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен, «Алматы – Ұшқоңыр – Ұзынағаш», «Ақсай – Шонжа – Қалжат» сынды құрылыс алаңдары. Мамандар бұл жерлерде  асфальт жабындысы мен қолданылған материалдарға сынақтама жүргізді және жолдардың енін өлшеп, қалыңдығын анықтады. Орын алған кемшіліктер бойынша тиісті орындарға хат жолданды.

Это может Вас заинтересовать