Войти через

  • 11°C

Вторник, 16 апреля

Жыл сайын Алматы облысында 300-ден астам адам АИТВ жұқтырады

TINFO
TINFO
Служба новостей

 

Алматы облысында жыл сайын 300-ден астам АИТВ жұқтырған адам анықталады, деп хабарлайды TINFO.KZ. Бұл туралы облыстық ЖИТС-тің алдын  алу және оған қарсы күрес орталығы директорының емдеу ісі бойынша орынбасары Бағдагүл Сәметқызы Jetisu Media алаңында дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқанына орай өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, қолға алынған шараларға қарамастан халықтың АИТВ жұқпасын жұқтыру көрсеткіші жылдан жылға жоғарылауда. Жылына 300-ден астам АИТВ жұқтырған адамдар анықталуда, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер арасында да тіркелуде.

«Мамандарды алаңдатып отырған жағдай жұқпаның «жасаруы». Қазіргі кезде жастардың ерте жыныстық қатынасқа түсуі, есірткі пайдалануы бірден бір себепші күш болып тұр», - деді орталық басшысы.


Жыл сайын АИТВ жұқпасына 250 000 адам (облыс тұрғындарының 12 %) шалдығады. Жұқпаның 70-80% жыныстық қатынас арқылы, 17-20% есірткі қабылдайтындар арасында, 1-2% анадан балаға жұғу  жолымен таралуда. 

«Соңғы жылдары адамдардың дәрігерге кешігіп қаралу үдерісі байқалуда, соның есебінен 2019 жылы анықталған әрбір бесінші науқас ЖИТС-тің 3-4 клиникалық сатысында анықталып отыр», - дейді  Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын  алу және оған қарсы күрес орталығы директорының емдеу ісі бойынша орынбасары Гаухария Уранкаева.

Анадан балаға жұғу жолының алдын алу үшін медициналық мекемелердің барлығында бала туу жасындағы 15-49 жас аралығындағы әйелдердің барлығын жылына бір рет АИТВ жұқпасына тексеру қолға алынған, нәтиже бойынша, олардың арасынан 7 бірдей науқас бар екені анықталған. 

Жыл басынан халық арасында 251 алдын алу шаралары жүргізіліп, 36049  адам қамтылған. Оның ішінде білім беру мекемелерінде 117, кәсіпкерлік саласында 94, Ішкі істер министрлігінің жеке құрамыммен 14, әскери өлімдерде 26 іс-шара өткізілген.

Алматы облысында 2019 жылдың 5-ші қарашасы мен 5-ші желтоқсаны аралығы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанын өткізу айлығы боп жаряланды.

Фото: Jetisu Media КММ.

Это может Вас заинтересовать