Войти через

  • 10°C

Пятница, 29 марта

Жылыжайлар өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

TINFO
TINFO
Служба новостей
Бүгін ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Константин Нестеров пен Досан Каримов Қаратал ауданы, Ескелді ауылының тұрғындарымен желі арқылы жүздесті. Үміткерлер ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндіріп, алдағы уақытта атқарылар етжеңді жұмыстарды таныстырды.
Айта кететін жайт, өңірде 732 ауыл бар, оның 151-і жоғары даму әлеуеті бар тірек ауылдар. Өзге ауылдардың әлеуетін арттыру партия назарында болмақ. Мәселен, «Nur Otan» партиясы елді мекендерді әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге, жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ өңірдегі қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл-ел бесігі» жобаларын іске асыруға жәрдемдеседі. Ауыл мен қала, аудан орталықтарын байланыстыратын жолдардың сапасы да жақсарады. Үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасында екшей жазылған іргелі жоспарларды баяндады.
- Партияның сайлауалды бағдарламасында өңір тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы орта түзу басты назарға алынған. Осы бағытта келелі жоспарларымыз бар. Мәселен, қолайлы аймақ түзу үшін ондағы қауіпсіздікті де қамтамасыз етуіміз тиіс. Ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы қолайлы орта түземіз. Сол бағытта өңірде 890 га жеміс бағы тұрғызылады. Сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жылыжайлардың да рөлі басым. Қыс бойы көгөністі өзге өңірлерден, шетелден тасуға мәжбүр болмас үшін 34 гектар жер көлемін алатын 2 жылыжай салынады. Одан өзге жеміс-көгөніс сақтайтын заманауи қоймалар да салынады, - деді К.Нестеров.

- Алдағы бес жылда өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 59 жоба іске аспақ. Мәселен, жылына 27 мың бас ірі қараны бордақылайтын 30 алаң салынбақ. Нәтижесінде 162 жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, 8,7 мың басқа арналған 22 сүт-тауар фермасы іске қосылады. Ұйғыр ауданында 300 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндігі бар құс фабрикасы салынады. Сайлауалды бағдарламаға сай, қосымша суармалы 5,7 мың га жерді іске қосып, 67 мың га суармалы жер қайта қалпына келтіру көзделген. Суармалы егіншіліктің де жылдан-жылға өз қиыншылығы туындап келе жатқаны байқалуда. Осы ретте 163,1 мың га жерге ылғал үнемдеу технологиясын қолдану көзделсе, тамшылатып суару әдісі арқылы егін егу көлемін 13,8 мың га жерге жеткізу партяның жоспарында бар, - деді Д.Каримов.
Онлайн кездесу барысында ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Константин Нестеров пен Досан Каримов ауыл тұрғындарын алдағы саяси науқанда белсенділік танытып, ел келешегі үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды

«Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайла қорының қаражатынан төленді.

Это может Вас заинтересовать