«Қорғас» ШЫХО кеден бекетінде темекі, тері өнімдері мен гаджеттердің ірі партиясы ұсталды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап. Тауарлар кеден бекетінде ҚХР-дан ҚР-ға шығу кезінде ұсталып, тәркіледі. Атап айтқанда темекі бұйымдары, тері өнімдері, дәрі-дәрмектер, компьютерге арналған жинақтамалар, фитнес сағат-білезіктер. Қазіргі таңда істің барлық мән жайы анықталуда, ұсталған тауарлардың кедендік құны анықталуда. Содан кейін барлық қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Фото: МКД.