15-21 шілде күндері аралығында Таиландтың Чонбури қаласында индор хоккейден ерлер және әйелдер арасында Азия чемпионаты болып өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Аталған жарысқа 10 мемлекет қатысқан. Облыстық спорт басқармасының ақпаратынша, Алматы облысының спортшыларынан құралған Қазақстан ұлттық әйелдер құрамасы алтын медальдің, ал ерлер құрамасы күміс медальдің иегерлері атанды. Құрама жаттықтырушылары Махмуд Орман мен Нұржан Бейбітов. Фото: Алматы облысының спорт басқармасы.