Коронавирусты дүкенге барғанда жұқтыруға бола ма?
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирусты дүкенге барғанда жұқтырып алу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Tinfo.kz.
Вице-министрдің айтуынша, коронавирустың ауа-тамшы жолы арқылы тарайтындықтан, маска тағу, қолды жиі жуу секілді шараларды сақтамаған кезде коронавирус жұқтырып алу қаупі жоғары. Әсіресе. науқаспен байланыста болған кезде.
Сондықтан қоғамдық жерде екі метр арақашықтықты сақтап, маска тағып, қолды дезинфекциялау керек.
Фото: pixabay.com