Telegram-bot арқылы ХҚО-ға кезекті қалай брондауға болады?
Telegram-bot арқылы ХҚО-ға кезекті брондауға болады.
Ол үшін:
— EgovKzBot2.0 ботын тауып, /start батырмасын басыңыз
— Қызметтер ішінен ХҚКО-ға кезекті брондауды таңдаңыз
— Елдімекен мен баратын ХҚО-ңызды көрсетіңіз
— Қызмет түрін таңдаңыз
— Баратын күніңіз бен уақытты таңдаңыз (Егер бронь жасалмаса, өзге уақытты таңдап көріңіз)
Брондау сәтті өтсе, сіздің телефоныңызға тиісті хабарлама келеді.