Алматы облысында 11 адамнан коронавирус табылды
Өткен тәулікте Алматы облысында 11 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды, Tinfo.kz.
Өсім 2,7% құрады. Осылайша Алматы облысында коронавирус инфекциясы бойынша 413 жағдай тіркелді. Жазылғандар саны – 248.
Қазақстанда өткен тәулікте 245 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 2,0% құрады.
Аймақтар бойынша:
Алматы қаласы — 49 (1,8%)
Қарағанды облысы — 48 (4,7%)
Нұр-Сұлтан қаласы — 35 (1,5%)
Батыс Қазақстан облысы — 22 (2,9%)
Шымкент қаласы — 15 (1,7%)
Алматы облысы — 11 (2,7%)
Маңғыстау облысы — 11 (3,6%)
Атырау облысы — 10 (0,9%)
Шығыс Қазақстан облысы — 9 (5,7%)
Жамбыл облысы — 7 (1,7%)
Ақтөбе облысы — 6 (1,6%)
Ақмола облысы — 5 (3,0%)
Павлодар облысы — 5 (2,2%)
Түркістан облысы — 5 (1,3%)
Қостанай облысы — 4 (2,1%)
Қызылорда облысы — 3 (0,7%)
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 12312, емделіп шыққандар — 6606, кайтыс болғандар — 52.
Фото: ашық дереккөздер