«Интернеттегі алаяқтық» атты дөңгелек үстел өткізілді
Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылдық округінде Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі, тілдерді дамыту, спорт, мәдениет бөлімдері және «Алматы облысының ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жамбыл ауданы тұрғындары мен жастары арасында құқықтық мәдениетін арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру» мақсатында «Интернеттегі алаяқтық» атты дөңгелек үстел өткізілді, tinfo.kz хабарлайды
Спикер: Досымханов Мади Досымханович – капитан, жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды полиция тобының инспекторы.
Спикер: Филев Тимур Владимирович — аға лейтенант, жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды полиция тобының инспекторы
Алаяқтық дегеніміз – бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап келе жатқан қылмыстардың түрі. Ол қоғамның жағдайына байланысты түрленіп, дамып, жаңа сипатта көрініс беріп жатады. Соған орай, алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа бір сипаты – ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты өмірге келген интернет-алаяқтық болып отыр және оның түрлері де күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді.
Интернет-алаяқтық деп – ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденуді айтамыз. Яғни, бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру секілді жымысқы әрекеттерге барады. Шарада интернеттегі алаяқтық жөнінде ақпарат берілді. Іс-шараға қатысушыларымен кері байланыс орнатылды