Жансүгіровте бірнеше тұрғын үй апатты жағдайда тұр
Ақсу ауданы Жансүгіров ауылдық округінің апатты жағдайда тұрған Кабанбай батыр 43-45 және Желтоқсан 29 үйлердің тұрғындарымен түсіндірме жиын болып өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
Аудандық әкімдіктің хабарлауынша, кездесуге аудан әкімінің орынбасары Амандос Ақышұлы мен аудандық ТКШ бөлімінің басшысы Илияс Мұсабаланов қатысты.
«Бүгінгі таңда пәтерлеріңізді апатты деп тану мәселесі қаралу үстінде. Барлығы қалай болғанда да заңды тұрғыдан шешілмек. Апатты жәйтті болдырмай алдын алу үшін сіздер ең алдымен түсіністік танытуларыңыз қажет» -, деді А.Ақышұлы.
Кездесуге тұрғын үй мен сауда орындарының иелері жиналды. Жалпы 40 пәтердің казірге 8-і сауда орындары және 6-ы иесіз деп танылып отыр.
Фото: ww.instagram.com/aksu_akimat/