3 маусымда Ақсу ауданында облыстық инвестфорум өтеді

Служба новостей

Ақсу ауданының орталығы Жансүгіров ауылдық округінде 3 маусым күні облыстық инвестициялық форум өтеді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Жиынға ауданның және облыстың ірі инвесторлары, шаруа қожалықтары және кәсіпкерлері қатысады. Форум аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында ауылдық округтердегі ірі инвестициялық жобалардың жұмыс барысы талқыланатын болады. Сонымен қатар, ақиық ақын Ілияс Жансүгіров атамыздың 125 жылдық мерейтойы аясында өтетін жобалар кеңінен қаралмақ. Басталуы сағат 11:00 де.

Фото: Интернет.