Жалдамалы пәтерде тұрып келген анаға кәсіпкерлер үй сыйлады
«Эва Люкс» ЖШС жетекшісі Валерий Эйхвальд және атын атамауын сұраған кәсіпкер көпбалалы анаға 3 бөлмелі үй сыйлады, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
Қайырымдылық көмек Текелі тұрғыны, көпбалалы ана Мақпал Куздикбаеваға көрсетілді.
Бұған дейін 5 баланың анасы жалдамалы үйлерде тұрып келген. Балаларының төртеуі мектеп жасында, үлкен ұлы әскери бөлімде жұмыс істейді.
Көпбалалы отбасы – береке-бірліктің үйлескен жері. Әрине, қазақ «бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» дегенді санаға сіңіріп өскен халық. Бір ғана «Әр баланың өз несібесі бар» деген сөздің қаншама отбасыға күш пен жігер сыйлайтыны анық. Соңғы кезде қоғамда осы көпбалалы отбасылардың мәселесі өзекті. Текеліде 415 көпбалалы отбасы бар. Оның 170-і пәтерге, тұрмыстық жағдайларына байланысты мұқтаждықта. Оларға көмек қолын созып жүрген жомарт азаматтар да жетерлік. Бүгін, міне, осындай қолы ашық жандардың арқасында бір отбасы үйлі болып, үлкен қуанышқа куә болдық — деді қала басшысы.
Фото: Текелі қаласының әкімдігі.