Войти через

  • 7°C

Воскресенье, 28 апреля

«Бастау» жобасына өтінім қабылдау басталды

Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы өңір тұрғындарын “Бастау” кәсіпкерлік негіздерін тегін оқыту жобасына қатысуға шақырады, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Жобаға жұмыссыз, өзін-өзі қамтыған азаматтар және жаңадан бастаған кәсіпкерлер (бизнесінің тіркелгеніне 3 жылдан аспауы керек) қатыса алады.

Оқыту бағдарламасының базалық негізі 12 модульден, яғни салық салу режимдері туралы, осы саладағы заңнама туралы, бизнес ашу үшін талап етілетін бағыттар маркетингі негіздерінен тұрады. Бұдан басқа, оқыту курсы барысында жеке кәсіпкер ретінде тіркелуде, бизнес-жоспар жасауда және қаржы алуда көмек көрсетіледі.

Оқу мерзімі 1 ай және оқуға қатысушыларға стипендия төленеді.

Оқуға қатысу үшін тесттен өту қажет. Тест кезеңі 11-12 наурыз аралығында өтеді.

Өтініш Кәсіпкерлер палатасының филиалдарына немесе Жұмыспен қамту орталықтарына, жергілікті әкімдікке төлқұжаттың көшірмесі және мекенжай туралы анықтамамен тапсырылады. Толық ақпарат: 8 (7282) 40 14 77.

Айта кетейік, өткен жылы «Бастау» жобасы облысымыздың барлық ауданында өткізіліп, 3361 азамат оқуға қатысты. Оның ішінде 916 жоба 2,5 млрд теңгеге қаржыландырылды.

Фото: Кәсіпкерлер палатасы

Это может Вас заинтересовать