«Даму-Аймақтар» бағдарламасына қалай қатысуға болады?

Служба новостей

Бұл қандай бағдарлама?

Бағдарлама шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өңірлік басым жобаларын қаржыландыру мақсатында әзірленген. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы — 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия және/немесе кепілдік құралын да пайдалануға мүмкіндік береді. Яғни, бағдарлама мақсаты — ҚР өңірлерінде экономиканың басым салаларындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.

Кімдер қатыса алады: кәсіпкерлік субъектілері
Кімдер қатыса алмайды:

шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі санатына жатпайтындар
моторлы көлік құралдарын жасаушыларды қоспағанда, акцизделетін тауар немесе өнім шығаруды және көтерме саудада өткізуді көздейтін кәсіпкерлер
ойын бизнесіндегілер

Бағдарлама шарттары:

Максимал сома — 750 млн теңгеге дейін
Пайызы — жылына 14%, субсидияның арқасында 6%-ға дейін түсіру мүмкіндігі бар
Мерзімі: инвестицияға 7 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыруға 3 жылға дейін

Қалай алуға болады: кәсіпкер банкке өтініш береді
Бағдарламаға қатысу үшін сұралатын қажетті құжаттар пакеті әр банкте әртүрлі (банктің қалауы). Банк бағдарлама аясында қаржыландыру туралы шешімді өзі қабылдайды.

Басымдық берілген салалар: экономиканың қаржы мен сақтандырудан өзге барлық салалары

Қосымша сұрақ болған жағдайда 1408 нөміріне хабарласып, damu.kz сайтынан қарап немесе «Даму» Қорының өзіңіз тұратын қаладағы филиалына келіп менеджерлерден білуге болады.