Войти через

  • 20°C

Понедельник, 29 апреля

Дизельдің литрі 181 теңгеден сатылады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Дизель отынының ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін биылғы көлемі мен бағасы белгіленді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Ақпарат әкімдіктің ресми сайтында жарияланды.

Мәлімет бойынша, 2019 жылдың күзгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылық құрылымдарына бағасы жеңілдетілген дизель отынын сатып алып, жеткізуші оператор болып «Қарамай Продактс» ЖШС анықталды. Дизель отынының бағасы - 1 литры 181 теңге болып белгіленді.

«Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы жіберген кестесіне сәйкес: шілде айына 40 тонна,  тамыз 70 тонна, қыркүйек  80 тонна және қазан айына 60 тонна, барлығы 250 тонна дизель отыны бөлінді. Осыған орай ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларына Талдықорған қаласының ауыл шаруашылық бөліміне келіп, жазбаша түрде қажетті дизель отынына өтінім берулеріңізге болатыны туралы хабарлаймыз», делінген хабарламада.

Фото: Интернет.

Это может Вас заинтересовать