Войти через

  • 7°C

Суббота, 27 апреля

«JETISÝ ETNO STYLE» жастар фестивалі немен есте қалды?

«JETISÝ ETNO STYLE» жастар фестивалі немен есте қалды?

25.09.19

Культура
TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорған қаласында «JETISY ETNO STYLE» облыстық жастар фестивалі өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Фестивальд тарих пен дәстүр сабақтасып, көшпелілер мәдениетінің айшықты көріністері заманауи қоғамда жарасымын тапты.

Кіреберісі саясаткерлер аймағынан бастау алатын алаңның соңы қазақ үйлермен жалғасын тапқан. Өзенді көбелей орналасқан үлкен керуеннің ішінде асық ату, қол күрес, жілік тартыс, балалар алаңы, қолөнер бұйымдарының көрмесі, жастар театрының аймағы, армандар тақтасы, спорт алаңы орналасқан. Керуеннің ішінде ауданнан келген шаруашылық иелері қонақтарға арнайы қымыз, шұбат құйып, бауырсақтан дәм татқызды. Талантты қолөнер шеберлерімен зергерлер өздерінің көрмелерін көрсетіп, көптің көңілің баурады.

Фестивальға қатысу үшін Қаратал жағалауына облыстың түкпір-түкпірінен 200-дей талантты жас жиналды.

Жетісу жастарының ауқымды шарасын облыс әкімі Амандық Баталов та тамашалады. Өнерпаздардың өнеріне тәнті болған облыс басшысы  алдымен оқушылардың «Әлқиса» күйін тыңдап, Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жастардың әскери шеберлігін көрді. Аймақта алғаш рет құрылып отырған «МИЗАМ» жас әдебиетшілер мен еріктілер театрының тұсауын кесіп, ақ батасын берді.

Жалпы облыста жыл басынан бері жастар арасында мәдениетті дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында 450 мың жасты қамтыған 1500-ге жуық шара өткізілді. Бүгінгі фестиваль жастарға әрі демалыс, әрі тәрбие, әрі өзара пікір алмасу алаңы ретінде пайдалы болады деп сенемін», – дей келе Амандық Ғаббасұлы ел экономикасына сүбелі үлес қосып жүрген аудан жастарын марапаттады.

«Өздеріңізде көріп отырған шығарсыздар, тарих пен дәстүрді қатар ұштастыра отырып, ұлттық құндылықтарымызды жастардың бойына сіңіру мақсатында осындай шараны өткізуді қолға алдық. Әр алаңда орналасқан бұйымдардан қазақтың иісі шығып тұр. Осы орайда қолдау танытқаны үшін облыс әкіміне алғысымды білдіргім келеді. Себебі жастар мемлекеттің моторы. Келешектің алтын көпіріне арқау болар дарын иелері. Сондықтан бұл фестивалдің берері мол деп ойлаймын , - деді облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Жомарт Мандатұлы.

Тартысты додалар мен қызықты көріністерге толы шара соңы эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концертке ұласты.

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Это может Вас заинтересовать