Войти через

  • 3°C

Суббота, 27 апреля

Ұйғыр ауданында жекеменшік балабақшалар саны артуда

Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

ҰЙҒЫР АУДАНЫ. Өңірде 36 жекеменшік балабақша жұмыс істейді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Сонымен бірге 4 мектепке дейінгі мемлекеттік мекемесі мен 18 шағын орталық бар.

Жақында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қатарына «Нұр-Сара» балабақшасы қосылды.

«Бала тәрбиесінде, оларды үлкен өмірге дайындауда балабақшаның рөлі зор. Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, 3-6 жас аралығында бүлдіршіндерді 2020 жылға дейін мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілуі тиіс болатын. Бұл өзекті мәселе біздің өңірімізде мерзімінен бұрын шешілуде. Бүгін жаңа балабақша ғимаратының ашылуына куә болып отырмыз.

Қуаныштарыңыз құтты болсын!» – деді аудан әкімінің орынбасары Дәулетжан Модинұлы.

Балабақша 25 орынға лайықталған. Қазіргі уақытта 2,5-5 жас аралығында бүлдіршіндер білікті мамандардан білім алады.

Фото: Өңірлік коммуникациялар орталығы

Это может Вас заинтересовать