Войти через

  • 4°C

Суббота, 27 апреля

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жүргізілді

TINFO
TINFO
Служба новостей

«Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасы аясында Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Рауан Саурық Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты мен Құрлық әскерлерінің әскери институты талапкерлерінің ата-аналарымен, талапкерлермен тікелей байланыста жұмыс істейтін әскери қызметшілермен кездесті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі РЭжБӘИИ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында әскери оқу орнына абитуриент қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық оқиғаларын болдырмау бойынша профилактикалық іс-шаралар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, кеңесін айтты.

Аталған шара аясында әділет капитаны Р.Саурық сыбайлас жемқорлық салдарынан мемлекетке келтірілген зардаптардың статистикасынан мысал келтірді.

«Сыбайлас жемқорлықтың ешкімге абырой әпермейтіні айқын. Сондықтан әскери қызметшілер мен талапкерлердің ата-аналарын қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылыққа жол бермеуге шақыру мақсатында сұхбат жүргіздік», - деді әскери полиция жасағының өкілі.

Шара соңында құқықбұзушылықтар орын алған жағдайда хабарласу үшін анықтама телефон нөмірін ұсынып, жадынама таратты.  

Фото: РЭжБӘИИ баспасөз қызметі.

Это может Вас заинтересовать