Войти через

  • 6°C

Пятница, 26 апреля

Өтенайлық оқушыларға мектеп құралдары табысталды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Өтенай ауылдық округі бойынша аз қамтылған, көпбалалы отбасыларынан шыққан балаларға көмек көрсетілді., деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Талдықорған қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

«Республикалық қайырымдылық акцияға округте орналасқан "Когер LTD" және "Қазақ өсімдік және егіншілік ғылыми зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, бірқатар дүкен иелері, шаруа қожалықтарының басшылары мен жеке кәсіпкерлер үлес қосты.  Жиналған қаражатқа 4 оқушыға мектеп формасы мен спорттық киімдер, кеңсе тауарлары мен басқа да қажетті оқу құралдары сатып алынды», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге 40 балаға сөмке мен сабаққа қажетті оқу құралдарын тарту етілді. Балалардың ата-аналары демеушілік көрсеткен басшыларға шығармашылық табыс тілеп, алғыстарын білдірді.

Фото: Талдықорған қаласының әкімдігі.

Это может Вас заинтересовать