Войти через

  • 14°C

Воскресенье, 28 апреля

60-тан астам жетісулық мемлекеттік наградалармен марапатталды

60-тан астам жетісулық мемлекеттік наградалармен марапатталды

15.12.18

Общество
Диас  Бейсенбек
Диас Бейсенбек
Главный редактор

ТАЛДЫҚОРҒАН. Б. Римова атындағы драма театрында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиында облыстың 60-тан астам азаматына мемлекеттік наградалар тапсырылды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы саны 65 азамат «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерімен, «Шапағат», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Сәбит Құрманәлиев, «Akniet Group» серіктестігінің техникалық директоры Сақтаған Әбіләзімов, «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қызметкері Омар Қасымбеков «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағына ие болды.

Сонымен қатар мемлекеттік марапат алғандармен қатар сахна төріне «Алтын сапа», «Қазақстанның үздік тауары», «Парыз» және басқа да байқаулардың жүлдегерлері атанған кәсіпорындар жетекшілері шақырылды. Оларға құттықтау тілегін білдірген облыс басшысы Амандық  Баталов:

«Сіздер біздің облыстағы кәсіпорындардың көшбасшысы деп білеміз. Өзгелер сіздерге қарап бой түзейді. Бір ғана жылдың қорытындысында өңірде өндіріс пен бизнесте 10 номинация бойынша жеңімпаздардың шығуы – зор жетістік. Алда үлкен міндеттерді бірлесіп атқара берейік. Жеңістеріңіз құтты болсын!» – деді.

Марапат алғандар атынан белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлы, «Текелі ГМЗ» ЖШС директоры Геннадий Савинов және «Жетісу» телеарнасының бас директоры Бейсен Құранбек сөз сөйлеп, көпшілікті мерекемен құттықтап, тілектерін жеткізді.

Фото: TINFO.

Это может Вас заинтересовать