Ақан Әбдуалиев азаматтарды қабылдады
Облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуалиев «Жетісу –адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің алаңында азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
Тұрғындарымен кезекті кездесу кітаптар шығару, мүгедектерге арналған инклюзивтік телевидениені іске қосу, қазақ эпосының батырлары туралы анимациялық жобаларды іске қосу туралы, тарихи қайраткерлерге ескерткіш орнату, әкім гранттары және қуыршақ театрын ашу мәселелері қозғалды. Әрбір мәселе бойынша тиісті шаралар атқарылады.
Сонымен қатар, алдағы уақытта кесте бойынша облыстық басқармаларының басшылары мен қала және ауылдық округ әкімдері облыс тұрғындарына қабылдау жүргізеді.
Фото: ӨКҚ.