«Айтылған нәрсе жасалады» — қала әкімі «Үйтас» тұрғындарына жауап берді

06.06.19

Общество
Служба новостей
Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов «Үйтас» саяжай кооперативіне келіп, тұрғындардың айтқан шағымдарын тыңдады, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
Әкімдіктің хабарлауынша «Үйтас» саяжай кооперативінің алғашқы мәселесі – бұл ауыз су. Жиналған тұрғындары қалалық әкімдіктің мамыр айында су тарту жұмыстары басталатынын айтқанын алға тартты.
Дегенмен қала әкімі Ғалымжан Райылұлы қазіргі уақытта құбыр тарту жұмыстары жүру үшін байқау жүріп жатқанын және оған 12 мердігер қатысып отырғанын алға тартып, «15 маусымда байқау аяқталады. Егер конкурстық процедуралар дұрыс болатын болса, осы маусым айының аяғында жұмыс басталып кетеді. Айтылған нәрсе жасалады » — деді.
Сонымен қатар, тұрғындар ауыз судан бөлек, жол, қоғамдық көлік, жарықтандыру, мектеп салу мәселелерін көтерді. Оған Ғ.Әбдірайымов барлық мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
Фото: www.facebook.com/TLD7282/.