«Қаламыз ары қарай қарыштап, дами берсін». Дастан Шалтабаев талдықорғандықтарды Жаңа жылмен құттықтады

31.12.18

Общество
Служба новостей

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қала әкімі Дастан Шалтабаев талдықорғандықтарды Жаңа жылмен құттықтады. Мерекелік құттықтауды Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялады, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

«Баршаңызды аяқ басқалы тұрған 2019 Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл санаулы күндерден соң төрімізден орын алғалы тұр. Мұндайда әр адам өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен аттағанды қалайды.

Үстіміздегі жыл қазақстандықтар үшін сәтті жыл болды. Оған қоса, тәуелсіз «nur.kz» сайты өткізген онлайн байқаудың арқасында Талдықорған қаласы «Инфраструктурасы дамыған қала», «Мәдени қала» «Жолы ең жақсы қала», «Ең сұлу қала», «Ең жайлы қала», «Ең таза қала» деген 6 номинация бойынша бірінші орын алды. Мұндай «Ең, ең!» деген атаққа сай болуымыздың себебі қала тұрғындарының да өз қаласын ерекше сүйіп, дамуына үлес қосуында деген сенімдеміз.

Мемлекетіміз, облысымыз, қаламыз ары қарай қарыштап, дами берсін.

Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық, молшылық әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман, ауызбіршілігіміз берік, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!», — делінген құттықтау сөзінде.
Фото: Интернет.