Войти через

  • 21°C

Понедельник, 29 апреля

Амандық Баталов Абайға арналған эстафетаны жалғастырды

Амандық Баталов Абайға арналған эстафетаны жалғастырды

16.07.19

Общество
TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының басшысы Амандық Баталов Абайдың 175 жылдығына арналған халықаралық поэзия эстафетасын қолдап, өлең оқыды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Бұл туралы облыс әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланды.

Хәкім Абайдың 175 жылдығына орай өтіп жатқан халықаралық поэзия эстафетасын Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, елімізге еңбегі сіңген қайраткер Нұртілеу Иманғалиұлынан алған облыс әкімі Амандық Баталов Ұлы ақынның "Жүрегім, нені сезесің" атты өлеңін оқыды.

Өз кезегінде өңір басшысы эстафета кезегін қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровке және әнші Мәдина Сәдуақасоваға жолдады.

Фото: видео скриншоты.

Это может Вас заинтересовать