Амандық Баталов еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетті
АЛМАТЫ. Облыс әкімі Амандық Баталов жетісулық еңбек ардагерлерімен кездесті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Әкімдіктің ресми сайтында хабарланғандай, Жаңа жыл қарсаңында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, қоғамның әр саласында қызмет еңбек еткен еңбек ардагерлері шақырылды.
Кездесуде облыстың 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы бейнефильм көрсетіліп, облыс басшысы А. Баталов өңірдегі қолға алынған жобалар, атқарылған істер және алдағы жоспарлар туралы кеңінен әңгімеледі. Ардагерлерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға мықты денсаулық, отбасыларына бақ-береке тіледі.
Ардагерлер де өз тарапынан пікірлерін білдіріп, лебіздерін жеткізді. Елбасының жүргізіп отырған мемлекеттік саясатының арқасында бейбіт те берекелі өмірге куә болып отырғандарын тілге тиек етіп, ризашылықтарын айтты.
Фото: Алматы облысы әкімдігінің сайты.