Войти через

  • 15°C

Воскресенье, 28 апреля

Амандық Баталов облыс тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Амандық Баталов облыс тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16.12.18

Общество
Диас  Бейсенбек
Диас Бейсенбек
Главный редактор

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңір тұрғындарын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Құттықтау әкімдіктің ресми сайтында жарияланған.

«Баршаңызды еліміздің басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Демократиялық қоғамның діңгегін нықтап, ұлтаралық байланыстарды, сан қилы көзқарастарды бір арнаға тоғыстырып, бір мүддеге жұмылдырып, бір шаңырақтың астында берекеге ұйыстырып отырған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізді Тәуелсіздіктің қасиетті жолымен бастап келеді.

Біздің бейбітшіл де еңбексүйгіш халқымыз Елбасымыздың кемел ақыл, көреген саясатының арқасында бүгінгі күнге экономикалық қуаты артқан, өркені өскен, рухы жаңғырған, заманы жаңарған қалпында жетіп отыр. Ол ең алдымен Президентіміздің Тәуелсіздікті баянды ету, әлемдік қауымдастық алдында беделді ел қылу жолындағы тынымсыз да толассыз еңбегінің, қажымас қайратының жемісі!

Осы күнге дейін жүріп өткен жолымыз, басқан баспалдақтарымыз өшпес тарих, өлмес рух, көнермес кезең ретінде Мәңгілік елдің тұтас тарихының бір парағы болары сөзсіз. Тәуелсіздік алдындағы, ел алдындағы, тарих алдындағы ұлы мұратты, ұрпақ алдындағы ұлы жауапкершілікті алыпқа тән абыроймен атқарып келе жатқан Президентіміздің ерік-жігеріне, парасат-пайымына, сұңғыла саясатына халқы қашанда ақ адал алғысын білдіреді.

Елбасы өзінің биылғы Жолдауында халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру сапасын арттыру бағытында нақты міндеттерді айқындап берді. Сол сияқты «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында түп тарихымыз бен ұлттық құндылықтарымызды жаңа сипатта жарқырата көрсетті, зерттеу мен зерделеуге жол ашып берді.

Жетісу жұртшылығы да бұл бастамаларды бірауыздан қолдап, жаңа міндеттердің нәтижелі жүзеге асуына біркісідей атсалысуға, ортақ істің жемісін көруге дайын.

Құрметті жетісулықтар!

Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, әрқайсыңызға мықты денсаулық, табыс пен молшылық, береке-бірлік тілеймін! Еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мереке құтты болсын!», - делінген облыс басшысының құттықтауында.

Фото: Интернет.

 

Это может Вас заинтересовать