Войти через

  • 6°C

Понедельник, 29 апреля

Қарабұлақта 60 пәтерлі үй салынады

Қарабұлақта 60 пәтерлі үй салынады

28.05.19

Общество
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист
Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ ауылында «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 60 пәтерлі жалгерлі тұрғын үйдің құрылысы басталады, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
Қазіргі уақытта мердігер «Global Contraction» ЖШС-мен келісім шарт жасалуда, барлық рәсімдер аяқталғаннан сон құрлыс жұмыстары басталады. Жобаның сметалық құны 648 млн теңге, оның ішінде - 406 млн теңге  республикалық бюджеттен тұрғын үйдің құрлысына бөлінді. 
«60 пәтерлі үйді салуға және инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысының объектілеріне жобалау-сметалық құжаттама дайындалды. Олардың барлығы сараптамадан өтті. Барлық құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталып, 60 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі», - делінген таратылған хабарламада.
Фото: Өңірлік коммуникациялар орталығы.

Это может Вас заинтересовать